1 күн бұрын
Чемпиондар лигасының осы аптадағы үздіктері анықталды

Фото: Carl Recine/UEFA via Getty Images
UEFA бақылаушылары Чемпиондар лигасы 1/4 финалының қарымта матчтарында үздік ойын көрсеткен футболшылардан құрам жасақтады.
Қақпашы: Джанлуиджи Доннарумма («ПСЖ»);
Қорғаушылар: Бенджамин Павар («Интер»), Эзри Конса («Астон Вилла»), Якуб Кивёр («Арсенал»), Нуну Мендеш (ПСЖ);
Жартылай қорғаушылар: Майкл Олисе («Бавария»), Паскаль Грос («Боруссия Дортмунд»), Деклан Райс («Арсенал»), Джон Макгинн («Астон Вилла»);
Шабуылшылар: Лаутаро Мартинес («Интер»), Серу Гирасси («Боруссия Дортмунд»).
Айта кетейік, турнирдің жартылай финалында «Интер» «Барселонамен» кездессе, «Арсенал» ПСЖ-мен кім мықтыны анықтайды. Алғашқы ойындар 29-30 сәуір күндері өтеді. Ал қарымта кездесулер 6-7 мамырға жоспарланған.
