1 күн бұрын

«Челси» еурокубокта сенсациялық жеңіліске ұшырады

«Челси» еурокубокта сенсациялық жеңіліске ұшырады

Ағылшындық «Челси» мен Польшаның «Легия» командалары кездескен УЕФА Конференция лигасының 1/4 финалының қарымта кездесуі аяқталды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Командалар Англияның Лондон қаласындағы «Стэмфорд Бридж» стадионында ойнады. Матчты Алехандро Эрнандес (Испания) бастаған төрешілер тобы басқарды. Қонақтар 2:1 есебімен жеңісті тойлады.

10-минутта «Легияның» шабуылшысы Томаш Пехарт пенальтиден есеп ашты. 33-минутта «Челсидің» қорғаушысы Марк Кукурелла вингер Джейдон Санчоның пасынан кейін таразы басын теңестірді. 53-минутта поляк қорғаушысы Стив Капуади бұрыштама добынан кейін командасын есепте алға шығарды.

Командалар арасындағы алғашқы ойын 10 сәуірде Польшада өтіп, «Челсидің» 3:0 есебімен жеңісімен аяқталды. Осылайша, екі матчтың қосындысындағы басымдықтың арқасында «Челси» Конференция лигасының жартылай финалына шықты.

ҚФФ президенті жол апатынан қайтыс болған балалар бапкерінің отбасына көңіл айтты

Футбол 17 минут бұрын

ҚФФ президенті жол апатынан қайтыс болған балалар бапкерінің отбасына көңіл айтты

Ақмола облысында балалар командасы мінген автобус аударылып қалды

Басқа 24 минут бұрын

Ақмола облысында балалар командасы мінген автобус аударылып қалды

Сәкен Бибосынов Ресейдегі турнирде топ жарды

Бокс 41 минут бұрын

Сәкен Бибосынов Ресейдегі турнирде топ жарды

Криштиану Роналду АПЛ-ге оралуы мүмкін

Футбол 1 сағат бұрын

Криштиану Роналду АПЛ-ге оралуы мүмкін

Елдос Сайдалин: бокстан Үндістанның адалдығына күмәнмен қараймын

Бокс 2 сағат бұрын

Елдос Сайдалин: бокстан Үндістанның адалдығына күмәнмен қараймын

Елдос Жұмақанов: дзюдодағы шетелдік маманға күмәнім бар

Дзюдо 3 сағат бұрын

Елдос Жұмақанов: дзюдодағы шетелдік маманға күмәнім бар