19.04.2025

УЕФА президенті Александер Чеферин Қазақстанға ресми сапармен келеді

УЕФА президенті Александер Чеферин Қазақстанға ресми сапармен келеді

2025 жылдың 25 сәуірінде УЕФА президенті Александер Чеферин Астанаға ресми сапармен келеді. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі Нұрсұлтан Құрман хабарлады.

Оның айтуынша, бұл сапар Қазақстан футболы күніне орай ұйымдастырылып отыр және ҚФФ пен УЕФА арасындағы ынтымақтастықты дамытудағы маңызды қадам болмақ.

«Бұған дейін Чеферин Қазақстанға жеке сапармен келіп, «Қайрат» клубының академиясында болған. Бұл жолы сапар ресми сипатта өтеді. Бағдарлама аясында ол Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесіп, сондай-ақ, Қазақстан футбол федерациясында келіссөздер өткізеді», — деді Құрман.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»