18 сағат бұрын
Криштиану Роналду АПЛ-ге оралуы мүмкін

Фото: Elie Hokayem/Saudi Pro League via Getty Images
Футбол тарихындағы ең үздік сұрмерген, 5 дүркін «Алтын доп» иегері, саударабиялық «Әл-Наср» клубы мен Португалия құрамасының шабуылшысы мансабын Англияда жалғастыруы мүмкін.
Sport Bible порталының танымал журналисі Нассир Джаббардың айтуынша, португалиялық форвард Клубтар арасындағы Әлем чемпионатында доп тебуді қалайды. Қазіргі таңда «Челси» мен «Манчестер Сити» ұжымдары Роналдуды өз қатарына қосып алуға мүдделі. 40 жастағы шабуылшы осы жазда өтетін жаһандық додаға қатысу үшін аталған командалардың бірімен бір айлық келісімшарт жасауы мүмкін.
Еске салсақ, Криштиану Роналду Англияның «Манчестер Юнайтед» клубының намысын 2003-2009 жылдар аралығында қорғаған. Осы уақыт ішінде Роналду «манкуниандықтармен» бірге үш дүркін Англия чемпионы атанып, Чемпиондар лигасын жеңіп алды. Сондай-ақ, Англия кубогы мен Суперкубогы және Клубтар арасындағы Әлем чемпионаты сынды турнирлерде топ жарды.
