19 сағат бұрын
ҚФФ президенті жол апатынан қайтыс болған балалар бапкерінің отбасына көңіл айтты

Фото: ҚФФ
Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаров балалар футболының бапкері Әлібек Жүсіповтің жол апатына түсіп, мезгілсіз қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.
Федерацияның хабарлауынша, Марат Омаров марқұмның отбасы мен туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдаған. Қазақстан футбол федерациясы тарапынан оларға жан-жақты көмек көрсетіледі.
Әлібек Жүсіпов балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға зор үлес қосты. Ол бапкерлік қызметінде талай жас футболшының жолын ашып, отандық футболға адал еңбек етті. Жақсы адам, білікті маман ретінде есімізде мәңгі сақталады, - деп жазылған хабарламада.
