12 сағат бұрын
Қазақстан мен Өзбекстан ұлттық құрамалары қай жерде ойнайды?

Қазақстан футбол федерациясының президент кеңесшісі Нұрсұлтан Құрман алдағы күзде өтетін жолдастық матч туралы мәлімет берді. Оның айтуынша, жыл соңында Қазақстан құрамасы Өзбекстан құрамасымен кездеседі, деп хабарлайды Sport12.kz.
— Биылғы маусымды Өзбекстан құрамасына қарсы жолдастық матчпен аяқтаймыз. Келісім бар. Ойынды Түркістанда өткізуді жоспарлап отырмыз. Алайда матч Шымкенттегі орталық стадионда өтуі де мүмкін. Онда сапалы газон, жаңадан орнатылған электронды табло бар. Бұған дейін осы екі құрама Шымкентте келісе алмай қалған еді. Бәлкім, енді сол жерде татуласар, — деді Нұрсұлтан Құрман.
Еске салайық, Қазақстан мен Өзбекстан құрамалары бұған дейін 2022 жылдың қараша айында Ташкентте кездесіп, өзбекстандықтар 2:0 есебімен жеңіске жеткен болатын.
