12 сағат бұрын
Бактиер Зайнутдинов ұлттық құрама сапында қашан доп тебеді?

Қазақстан футбол федерациясының президент кеңесшісі Нұрсұлтан Құрман ұлттық құраманың жартылай қорғаушысы, «Бешикташ» клубының ойыншысы Бахтиер Зайнутдиновтің қазіргі жағдайына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sport12.kz.
— Мен Әли Алиевтен сұрадым. Ол Бактиердің жағдайы жақсы екенін айтты. Жеке сөйлесу барысында Зайнутдинов Солтүстік Македонияға қарсы ойынға дейін дайын болатынын растады. «Бешикташ» — бапкерлер жиі ауысатын клуб. Менің ойымша, сол матчқа дейін ол толық қалпына келіп, құрамға қосылады, — деді Нұрсұлтан Құрман.
Еске салайық, жарақатына байланысты Зайнутдинов 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің алғашқы матчтарына қатыса алған жоқ.
Қазақстан – Солтүстік Македония матчы 9 маусым күні Астанада өтеді.
