1 сағат бұрын
Максим Самородов Ресей чемпионатында нәтижелі пас берді

Ресей Премьер-Лигасының 25-туры аясында өткен «Ахмат» пен «Краснодар» (1:3) арасындағы ойында Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Самородов көзге түсті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Максим Самородов матчты негізгі құрамда бастап, 52-минутта нәтижелі паспен көзге түсті. Ал 86-минутта алаңнан кетті. Flashscore статистикалық порталы ойыншының өнерін 6,4 балмен бағалады. Бұл грозныйлық команданың ішіндегі төртінші ең жоғары баға.
Жалпы алғанда, биылғы маусымда Самородов барлық турнирлерде 27 матч өткізіп, 6 гол соқты және 3 нәтижелі пас берді.
Айта кетейік, қазіргі уақытта «Ахмат» РПЛ турнирлік кестесінде 13-орында тұр.
