4 сағат бұрын
«Атырау» жанкүйерлері футболшыларға: Ойнай алмасаңдар командадан кетіңдерші

Фото: sports.kz
Атыраулық жанкүйерлер «Атырау» командасы футболшыларына ойын соңынан кейін наразылығын білдірді.
Бұл сәтті көпшілік әлеуметтік желі беттерінде бейнежазба арқылы көруіне болады. Оы көргендер жанкүйерлердің футболшыларға наразылығын байқай алады. Бейнежазбада команда ойыншыларының жанкүйерлерге қарай беттеп келе жатқаны көрініп тұр.
- Қарабет болдыңдар ғой. Ойнай алмасаңдар командадан кетіңдерші. Үйде ұтылып жатырсыңдар ғой. Біз сендерге жанкүйерміз ғой. Мынау не жағдай? «Бәрі осы» деп осылай жүре бересіңдер ме? - деді жанкүйерлер.
«Атырау» алты ойыннан кейін үш ұпаймен он екінші орында келеді. Алғашқы турда «Елімайды» жеңгеннен кейін қатарынан бес мәрте қарсыластарына есе жіберіп қойды.
