4 сағат бұрын

ҚФФ: «Жетісу» тарапынан «Ордабасымен» ойыннан кейін шағым келіп түскен жоқ

ҚФФ: «Жетісу» тарапынан «Ордабасымен» ойыннан кейін шағым келіп түскен жоқ

Фото: ВКонтакте

«Жетісу» командасы тарапынан «Ордабасымен» өткеннен ойыннан кейін ресми шағым келіп түскен жоқ.

Бұл жөнінде Қазақстан футбол федерациясының кеңесшісі Нұрсұлтан Құрман өзіінң телеграм әлеуметтік желісініндегі «Кеңесші» парақшасында мәлім етті. 

- «Жетісу» футбол клубының бас бапкері Самат Смақов Қазақстан чемпионатының бесінші турында төрешілердің жұмысына қатысты наразылық білдірді. Алайда, клуб тарапынан ресми шағым келіп түскен жоқ, - деді ол.

Сондай-ақ ол осы жағдайға байланысты Қазақстан футбол федерациясының Төрешілер департаментінің жаңа жетекшісі Нуну Алешандре Паррейра де Каштру «Жетісу» командасының бас бапкерімен Zoom арқылы байланысқа шығатынын айтты.

 - Аталған матчтағы төрешілердің қабылдаған шешімдерін түсіндіріп береді. Кәбірұлына да өз шағымдарын негіздеп беруге де мүмкіндік болады. Самат Қәбірұлы - ел футболында үлкен құрметке ие тұлға. Естеріңізге сала кетсем, бас бапкер резервті төрешіге бейәдеп сөздер айтқаны үшін қызыл қағаз алып алаңнан

қуылды. Сонымен қатар, Самат Смақовтың ойындағы әрекеттері ҚФФ Тәртіптік-бақылау комитетінің қарауына жіберіледі. Барлық тараппен жеке сөйлесіп шықтым. Дүйсенбіге дейін жоғарыда жазған қадамдар жасалады, - деді Нұрсұлтан Құрман. 

Айта кетсек, Самат Смаков кездесу барысында төрешілердің жөнсіз әрекетін сынға алған еді. 

- Мұндай келеңсіз жағдайдан қазақ футболы дамымайды. Қандай әлем чемпионаты, қандай Еуропа чемпионаты? Мынадай жағдайлар болып жатқанда біз оларға шыға алмаймыз, - деді Самат Смаков.

  

«Жеңіс» құрамын хорватиялық қорғаушымен күшейтті

Футбол 1 сағат бұрын

«Жеңіс» құрамын хорватиялық қорғаушымен күшейтті

Ағайынды Махмудтар кәсіпқой бокс кешінде қанша гонорар алды?

Бокс 2 сағат бұрын

Ағайынды Махмудтар кәсіпқой бокс кешінде қанша гонорар алды?

«Шахтёрдың» бұрынғы футболшысы жол апатынан қайтыс болды

Футбол 2 сағат бұрын

«Шахтёрдың» бұрынғы футболшысы жол апатынан қайтыс болды

Қазақстандық велошабандоз халықаралық турнирде топ жарды

Басқа 3 сағат бұрын

Қазақстандық велошабандоз халықаралық турнирде топ жарды

Өзбекстан құрамасы шайбалы хоккейден әлем чемпионатында топ жарды

Хоккей 3 сағат бұрын

Өзбекстан құрамасы шайбалы хоккейден әлем чемпионатында топ жарды

Садриддин Ахмедовтың АҚШ-тағы жекпе-жегі күтпеген нәтижемен аяқталды

Бокс 3 сағат бұрын

Садриддин Ахмедовтың АҚШ-тағы жекпе-жегі күтпеген нәтижемен аяқталды