10 сағат бұрын

Исламбек Қуат ұлттық құрамаға орала ма?

Исламбек Қуат ұлттық құрамаға орала ма?

Фото: «Жеңіс» ФК

Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі Нұрсұлтан Құрман Исламбек Қуаттың ұлттық құрамаға шақырытылуы мүмкін екенін айтты.

Оның сөзінше, 32 жастағы жартылай қорғаушының ойыны бас бапкер Әли Әлиевтің көңілінен шығады.

– Қуаттың «Астанадан» «Жеңіске» ауысқаны дұрыс болды. Қазір «Жеңістің» ішкі атмосферасы оңалғаны туралы сөз етіліп жатыр. Командада сенімділік, ерік-жігер пайда болған. Мен Қуаттың құрамаға шақырылуы жайлы, бас бапкер Әли Ханалиұлымен сөйлескенмін. Ол «көреміз» деді. Бұған дейін Дастан Сәтпаев туралы айтқанымда да дәл осындай жауап қайтарған. Сондықтан, Қуат құрамаға шақырылса таң қалмаңыздар. Егер «Жеңісте» өзін жақсы қырынан көрсетсе, міндетті түрде оған мүмкіндік беріледі, – деді Нұрсұлтан Құрман.

Айта кетейік, Исламбек Қуат Қазақстан ұлттық құрамасы жейдесінде 64 ойында өткізіп, 6 рет мергендігімен танылған.

Хоккейден Қазақстан жасөспірімдер құрамасы әлем чемпионатын сәтсіз бастады

Хоккей 15 минут бұрын

Хоккейден Қазақстан жасөспірімдер құрамасы әлем чемпионатын сәтсіз бастады

Көркем гимнастикадан әлем кубогында Қазақстан құрамасы қола алды

Басқа 1 сағат бұрын

Көркем гимнастикадан әлем кубогында Қазақстан құрамасы қола алды

Ангелина Лукас - абсолютті әлем чемпиондығына басты үміткер

Бокс 3 сағат бұрын

Ангелина Лукас - абсолютті әлем чемпиондығына басты үміткер

«Қайрат» пен «Астананың» сенсациялық нәтижесі: Бесінші турдың ерекшелігі қандай?

Футбол 4 сағат бұрын

«Қайрат» пен «Астананың» сенсациялық нәтижесі: Бесінші турдың ерекшелігі қандай?

«Елімай» елордада «Жеңістен» жеңісті жұлып алды

Футбол 4 сағат бұрын

«Елімай» елордада «Жеңістен» жеңісті жұлып алды

Өзбекстан атынан сынға түсетін Руслан Абдуллаев кезекті рет жеңіске жетті

Бокс 4 сағат бұрын

Өзбекстан атынан сынға түсетін Руслан Абдуллаев кезекті рет жеңіске жетті