6 сағат бұрын
«Елімай» елордада «Жеңістен» жеңісті жұлып алды

Фото: «Елімай» ФК
Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының бесінші турын елордалық «Жеңіс» пен семейлік «Елімай» түйіндеді.
Елордалық «Жеңіс» бүгінгі кездесу барысында жақсы ойын көрсетуге тырысты. Мүмкіндігінше қарсыласын қапы қалдырып, алғашқы үш ұпайына қол жеткізуге күш салды. Бұған дейін төрт мәрте тең түскен олар тоқсан минут бойы қарсыласына лайықты төтеп бере білді. Командалар бір-біріінң қақпасынан саңылау таба алған жоқ.
Семейлік клуб сапынан Самюэль Одеоибо 91-минутта жеңіс голын соғып кетті. Осылайша «Елімай» қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсіп, турнир кестесіндегі жағдайын жақсартып, бесінші орынға көтерілді.
Бүгін «Қайсар» мен «Қайрат» 0:0, «Тұран» мен «Астана» 1:1 есебімен тең ойнады.
Ал 19 сәуірде «Ұлытау» «Оқжетпеске» 0:1, «Атырау» «Қызылжарға» 1:2 есебімен есе жіберсе, «Тобыл» «Ақтөбені» 3:0, «Ордабасы» «Жетісуды» 1:0 есебімен тізе бүктірген еді.
Енді алтыншы тур ойындары 26 және 27 сәуір күндеріне белгіленген.
