5 күн бұрын
«Ақтөбеге» кімдердің бапер болуы мүмкін екені анықталды
«Ақтөбе» футбол клубының жаңа бапкер болуға бірнеше үміткердің есімі белгілі болды.
Қазақстандық маман Қайрат Нұрдәулетов ақтөбелік клубтың тізгінін ұстауы мүмкін.
1982 жылы дүниеге келген ол кәсіби ойыншы ретінде «ЦСКА-Қайрат», «Есіл-Богатырь», «Ертіс», «Қайрат», «Тобыл», «Астана» және «Қайсар» командаларында ойын көрсетті.
2002-2004 жылдары «Ертіс» сапында ол клубтың чемпион болуына үлкен үлесін қосты.
Футболшы мансабын аяқтағаннан кейін ұлттық құраманың жаттықтырушылар штабына енді. Кейін Қазақстан жастар құрамасының бас бапкері қызметін атқарды.
2023 жылы Түркістан облысының «Мақтарал» клубында бас бапкер болды. Былтыр Талдықорғанның «Жетісу» тізгінін ұстап, команда 11-орынға тұрақтады.
Сондай-ақ аталған қызметке болгариялық Николай Костовтың келуі мүмкін. Ол елімізде «Шахтер» және «Каспийді» жаттықтырған.
Айта кетсек, бүгін «Ақтөбе» клубының бас бапкері Игорь леонов қызметінен кетті.
