3 күн бұрын

Қуаныш Қабдолов «Атырау» бас бапкерінің міндетін атқарады

Қуаныш Қабдолов  «Атырау» бас бапкерінің міндетін атқарады

Фото: “Атырау” футбол клубы

37 жастағы жергілікті маман 2009-2012 жылдар аралығында “Атыраудың” жастар командасында (дубль) бас бапкер көмекшісі болып еңбек етті, деп хабарлайды Sport12kz .

2013 жылы “Атырау” футбол орталығының басшысы болып тағайындалып, оның тұсында 1999 жылы туған “Атырау” жасөспірімдер командасы Қазақстан біріншілігін жеңді.

2014-2020 жылдар аралығында Қуаныш Кенжәліұлы “Атырау” негізгі командасының бапкерлік штабында қызмет жасап, бас бапкер көмекшісі және бас жаттықтырушы міндетін атқарды. Сол уақытта “мұнайшылар” екі мәрте Қазақстан Кубогінің финалына (2017 және 2019 жылдары) шықты.

Кейіннен ол 2021-2022 жылдар аралығында түркістандық “Тұранның” бас бапкеріне көмектесіп, содан соң команда тізгінін өзі де ұстады. Ал былтырғы маусымда ақтаулық “Каспийдің” бас бапкері ретінде Бірінші лиганың қола медалін жеңіп алды. Жас маман биыл “Атырау” QJL командаларының координаторы болып еңбек етті.

Геннадий Головкин Мейірім Нұрсұлтановпен кездесті

Футбол 7 минут бұрын

Геннадий Головкин Мейірім Нұрсұлтановпен кездесті

Бақыт Құсақбаева пен Эсмигүль Куюлова қола жүлдеге таласады

Дзюдо 22 минут бұрын

Бақыт Құсақбаева пен Эсмигүль Куюлова қола жүлдеге таласады

Бактиер Зайнутдиновтың командасы жеңіске жетті

Футбол 50 минут бұрын

Бактиер Зайнутдиновтың командасы жеңіске жетті

5 дзюдошымыз ширек финалда сүрінді

Дзюдо 60 минут бұрын

5 дзюдошымыз ширек финалда сүрінді

Нұрқожа Қайпанов: Олимпиадалық емес салмақта күресемін

Күрес 1 сағат бұрын

Нұрқожа Қайпанов: Олимпиадалық емес салмақта күресемін

Испания кубогының финалы: «Барселона» - «Реал» матчы нешеде өтеді?

Футбол 2 сағат бұрын

Испания кубогының финалы: «Барселона» - «Реал» матчы нешеде өтеді?