QJ League 1-турының үздіктері анықталды

Фото: instagram/evgenyi.petrik
QJ League 1-турының үздіктер құрамасы белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Лиганың спорттық-аналитикалық бөлімі WyScout қосымшасының статистикалық деректеріне сүйене отырып, жаңа маусымның бірінші турында үздік ойын көрсеткен футболшылардан құрам жасақтады.
Алғашқы турдың үздіктер құрамасына жеті түрлі клубтың ойыншылары енді.
Қақпашы: Әмірбек («Тобыл»);
Қорғаушылар: Серік («Астана»), Айтмұхамбет («Ертіс»), Кеңесбеков («Қайрат»), Қуаныш («Ордабасы»);
Жартылай қорғаушылар: Петрик («Қайрат»), Төрехан («Жас Қыран»), Макридов («Шахтёр»);
Шабуылшылар: Рахметов («Ертіс»), Төлеухан («Қайрат»), Мыңжасаров («Астана»).
Ал турдың үздік голы номинациясын «Астана» қақпасын дәл көздеген «Атырау» ойыншысы Абдулмансур Хасан иеленді.
