2 сағат бұрын
Қазақстандық футболшы еуропалық клубпен трофей жеңіп алу мүмкіндігін иеленді

Фото: «Сабах» ФК
Футболдан Қазақстан құрамасының қақпашысы Стас Покатилов «Сабах» клубымен бірге Әзірбайжан кубогының финалына шықты, деп хабарлайды Sport12.kz.
Турнирдің жартылай финалында отандасымыз ойнайтын «Сабах» қос матчтың қорытындысы бойынша «Нефтчиден» 3:2 (2:1; 1:1) есебімен басым түсті. Стас екі ойында да масазырлық клубтың қақпасын толық матч бойы күзетті.
Енді «Сабах» финалда Әзірбайжан кубогын «Карабахпен» сарапқа салады. Чемпиондық ойын Сумгайытта орналасқан бейтарап стадионда өтеді. Финал 31 мамыр, Қазақстан уақытымен сағат 20:00-ге жоспарланған.
