23 сағат бұрын

Мемлекет басшысы мен УЕФА президенті тарихи матчты еске алды

Мемлекет басшысы мен УЕФА президенті тарихи матчты еске алды

Фото: ҚР президентінің баспасөз қызметі

25 сәуір күні УЕФА президенті Александер Чеферин ресми сапармен Қазақстанға келді. Сапар аясында ол Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесті, деп хабарлайды Sport12.kz.

Жүздесу барысында тараптар 2023 жылы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өткен Қазақстан мен Словения арасындағы матчты талқылады.

УЕФА басшысы сол ойынды еске алып, Қазақстанның лайықты қарсылық көрсеткенін атап өтті:

– Менің елім Словения Еуропа біріншілігінің іріктеу турнирінде Қазақстанмен ойнады. Шынымды айтсам, соңына дейін жеңіліп қаламыз ба деп уайымдадық. Жеңетінімізге күмәнмен қарадық. Меніңше, сол күні біздің жолымыз болды, – деді Александер Чеферин.

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы да бұл пікірге қосылып:

– Сіздер сол кезде жеңіске жеттіңіздер, – деп жауап қатты.
– Иә, футболдың аты – футбол, – деді УЕФА президенті.

Сөз соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Словения құрамасының әлеуетін тілге тиек етті:

– Сіздердің ұлттық құрамаларыңыздың мықты екенін білемін, – деді ол.

Еске салсақ, 2023 жылдың 21 қарашасында Словения мен Қазақстан құрамалары Еуро-2024 турниріне берілетін жолдама үшін кездесу өткізген еді. Алайда, Люблянада өткен матчта алаң иелері 2:1 есебімен жеңіске жетіп, Германияда өткен Еуропа чемпионатына шыққан болатын.

Геннадий Головкин Мейірім Нұрсұлтановпен кездесті

Футбол 4 минут бұрын

Геннадий Головкин Мейірім Нұрсұлтановпен кездесті

Бақыт Құсақбаева пен Эсмигүль Куюлова қола жүлдеге таласады

Дзюдо 19 минут бұрын

Бақыт Құсақбаева пен Эсмигүль Куюлова қола жүлдеге таласады

Бактиер Зайнутдиновтың командасы жеңіске жетті

Футбол 47 минут бұрын

Бактиер Зайнутдиновтың командасы жеңіске жетті

5 дзюдошымыз ширек финалда сүрінді

Дзюдо 57 минут бұрын

5 дзюдошымыз ширек финалда сүрінді

Нұрқожа Қайпанов: Олимпиадалық емес салмақта күресемін

Күрес 1 сағат бұрын

Нұрқожа Қайпанов: Олимпиадалық емес салмақта күресемін

Испания кубогының финалы: «Барселона» - «Реал» матчы нешеде өтеді?

Футбол 2 сағат бұрын

Испания кубогының финалы: «Барселона» - «Реал» матчы нешеде өтеді?