21 сағат бұрын

Александер Чеферин елордадағы футбол инфрақұрылымымен танысты

Александер Чеферин елордадағы футбол инфрақұрылымымен танысты

Фото: Қазақстан футбол федерациясы

25 сәуір – Қазақстан футболы күні Астанаға ресми сапармен UEFA президенті Александер Чеферин келді.

Бұл жөнінде Қазақстан футбол федерациясы мәлім етті.

Сапар барысында ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесті. Президентпен кездесуден соң Чеферин ҚФФ-ның штаб-пәтеріне барып, федерация президенті Марат Омаровпен жүздесті.

Сондай-ақ ол футбол музейін аралап, «Жеңіс», «Астана» және №8 МБЖСОРМ футбол орталықтарының жас ойыншыларымен, сонымен қатар ЦП футбол мен Blind Football командасымен кездесті.

БАҚ өкілдерімен өткен брифингте УЕФА мен ҚФФ басшылары журналистердің сауалдарына жауап берді. Артынша Чеферин мырза ҚФФ ұжымымен естелік суретке түсті.

Сапардың соңында Еуропа футбол басшысы елордадағы футбол инфрақұрылымымен танысты.

УЕФА (Union of European Football Associations, UEFA) – 1954 жылы құрылған Еуропа футбол қауымдастықтарының одағы. Қазіргі таңда Халықаралық футбол федерациясына (ФИФА) кіретін алты құрлықтық қауымдастықтың ішіндегі ең ықпалды ұйым саналады. УЕФА Еуропа мен Батыс Азияның кейбір аймақтарындағы 55 елдің футбол қауымдастығын біріктіреді

Геннадий Головкин Мейірім Нұрсұлтановпен кездесті

Футбол 18 минут бұрын

Геннадий Головкин Мейірім Нұрсұлтановпен кездесті

Бақыт Құсақбаева пен Эсмигүль Куюлова қола жүлдеге таласады

Дзюдо 33 минут бұрын

Бақыт Құсақбаева пен Эсмигүль Куюлова қола жүлдеге таласады

Бактиер Зайнутдиновтың командасы жеңіске жетті

Футбол 1 сағат бұрын

Бактиер Зайнутдиновтың командасы жеңіске жетті

5 дзюдошымыз ширек финалда сүрінді

Дзюдо 1 сағат бұрын

5 дзюдошымыз ширек финалда сүрінді

Нұрқожа Қайпанов: Олимпиадалық емес салмақта күресемін

Күрес 2 сағат бұрын

Нұрқожа Қайпанов: Олимпиадалық емес салмақта күресемін

Испания кубогының финалы: «Барселона» - «Реал» матчы нешеде өтеді?

Футбол 2 сағат бұрын

Испания кубогының финалы: «Барселона» - «Реал» матчы нешеде өтеді?