7 күн бұрын
Марат Омаров: Қазақстан футболының әлеуеті зор

Фото: қазақстан футбол федерациясы
Қазақстан футбол федерациясының президеніт Марат Омаров UEFA президенті Александер Чеферинмен кездесуінде бүгін ел футболы үшін ерекше күн екенін атап өтті.
Бұл жөнінде Қазақстан футбол федерациясы мәлім етті.
– Бүгін – ел футболы үшін ерекше күн. Қазақстанға ресми сапармен УЕФА президенті Александер Чеферин мырза келіп отыр. Бұл маңызды сапар – еліміздің халықаралық жан-жақты байланыстарының тереңдей түскенінің тағы бір нақты да жарқын көрінісі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев УЕФА президентін қабылдап, отандық футболдың қазіргі жағдайы мен болашағына қатысты бірқатар түйінді мәселені талқылады.
Қазақстан футбол федерациясы тарапынан қазақ футболын дамытуға байланысты ұсыныстарымызды жеткіздік. Олар негізінен еліміздегі футбол инфрақұрылымын жетілдіру, бұқаралық футболды қолдау және балалар футболын дамыту бағыттарын қамтыды.
Қазақстан футболының әлеуеті зор. Бірлесе жұмыс істеп, халықаралық деңгейде жоғары нәтижелерге жете аламыз деп бек сенемін, – деді Марат Омаров.
