16 сағат бұрын

«Аңыздар ойыны»: Қазақстан және әлем құрамасы тең түсті

«Аңыздар ойыны»: Қазақстан және әлем құрамасы тең түсті

Фото: Видеодан алынған скрин

 Қазақстан футболы күніне орай әлем және Қазақстан футболының аңыз ойыншылары кездесуі аяқталды, деп хабарлайды Sport12kz.

Бұл матч 25 сәуір - Қазақстан футболының күніне орай ұйымдастырылып отыр. Оған Қазақстан футбол федерациясының қолдау білдірді.

Кездесу басынан қазақстандық футболшылардың белсенділігі байқалып тұрды. Қарсылас құрама қақпасы маңында жиі бой көрсетті. Осындай сәттердің бірінде шабуылшы Мұрат Тілешев португалдық қақпашы Витор Байядан айласын асыра алған жоқ.

Есесіне көп ұзамай қазақстандық футболшылар өз қақпасына гол жіберіп алды. Оны испаниялық Гаи́ска Мендье́та өзінің еншісіне жазды.

Екінші кезеңде отандастарымыз таразы басын теңестіруге ұмтылды. Нәтижесінде Азат Нұрғалиев өз мүмкіндігін мүлт жіберген жоқ. Ол тағы бір сәтте мергендігін танытып, өз құрамасын алға шығарды.

Одан кейін Давид Лория қорғаған Қазақстан футболының аңыздары құрамасы қақпасына пенальти белгіленді. Оны болгариялық бұрынғы шабуылшы Димитр Бербатов шебер орындай білді.

Осылайша жолдастық кездесу 2:2 есебімен тең аяқталды.

Айта кетсек, аталған кездесуге әлем аңыздары сапында Витор Баия (Португалия), Марко Матерацци (Италия), Хавьер Дзанетти (Аргентина), Кристиан Дзаккардо (Италия), Дуглас Майкон (Бразилия), Джей-Джей Окоча (Нигерия), Димитар Бербатов (Болгария), Сержиньо (Бразилия), Клод Макелеле (Франция), Халилу Фадига (Сенегал), Кларенс Зеедорф (Нидерланд), Эстебан Камбьяссо (Аргентина), Гаиска Мендьета (Испания), Фернандо Морьентес (Испания) келді.


Геннадий Головкин Мейірім Нұрсұлтановпен кездесті

Футбол

Геннадий Головкин Мейірім Нұрсұлтановпен кездесті

Бақыт Құсақбаева пен Эсмигүль Куюлова қола жүлдеге таласады

Дзюдо 11 минут бұрын

Бақыт Құсақбаева пен Эсмигүль Куюлова қола жүлдеге таласады

Бактиер Зайнутдиновтың командасы жеңіске жетті

Футбол 39 минут бұрын

Бактиер Зайнутдиновтың командасы жеңіске жетті

5 дзюдошымыз ширек финалда сүрінді

Дзюдо 49 минут бұрын

5 дзюдошымыз ширек финалда сүрінді

Нұрқожа Қайпанов: Олимпиадалық емес салмақта күресемін

Күрес 1 сағат бұрын

Нұрқожа Қайпанов: Олимпиадалық емес салмақта күресемін

Испания кубогының финалы: «Барселона» - «Реал» матчы нешеде өтеді?

Футбол 2 сағат бұрын

Испания кубогының финалы: «Барселона» - «Реал» матчы нешеде өтеді?