26.04.2025
Нұрқожа Қайпанов енді Алматы қаласы атынан сынға түседі

Фото: Olympic.kz
Еркін күрес балуан Нұрқожа Қайпанов енді Алматы қаласы атынан сынға түседі. Бұл жөнінде Olympic.kz сайтына берген сұхбатында айтты.
- Көшуімнің басты себебі – отбасым. Олар Алматыда тұрады. Ал Петропавлда бапкерімнен басқа ешкім жоқ. Жаттығуларымның бәрі Алматыда өтеді. Барлық жарысқа осы қаладан барамын. Оның үстіне, болашақта үй де Алматыдан болады. Себебі мен – үйдің үлкенімін, үлкен отбасының тірегімін. Артымнан ерген інілерім мен қарындастарыма жол көрсету – менің жауапкершілігім. Мені ешкім Алматыға күштеп әкелген жоқ, ешкім үгіттеген жоқ. Өзім көшейік деп ұсыныс жасадым. Қазірге дейін жалақы да алған жоқпын. Алматы күрес федерациясының басшысы Омар Әлиевтің өзі: "Нұрқожа, мен саған Петропавлдағыдай жалақы төлей алмаймын. Бізде балуан көп", – деді. Ешкім ақша ұсынған жоқ, көшуімді талап еткен де жоқ. Бұл – менің өз шешімім, - деді спортшы.
