5 сағат бұрын
Геннадий Головкин Мейірім Нұрсұлтановпен кездесті

ҰОК басшысы, даңқты боксшы Геннадий Головкин орта салмақта әлем чемпионы атағына үміткер Мейірім Нұрсұлтановпен кездесті, деп хабарлайды Sport12.kz
Айта кетейік, жуырда WBC ұйымы Мейірімді чемпиондық атаққа міндетті үміткерлердің қатарына қосқан болатын. Қазір бұл белбеу доминикалық Карлос Адамеске тиесілі.
WBC Адамеске 6 мамырға дейін Нұрсұлтановпен жекпе-жек туралы келісуге міндеттеме қойды. Дегенмен, чемпиондар өзге чемпиондармен кездесетін болса, онда бокс ұйымдары чемпиондарға міндетті үміткерлермен жекпе-жекті кейінге шегеруге рұқсат береді.
Бұған дейін WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлы Адамеспен келіссөздер жүргізіп жатқанын растаған. Сәуір айында Астанада өткен айқас алдында Әлімханұлы Нұрсұлтанов әлем чемпионы атанса, онымен кездесуге дайын екенін айтқан болатын.
