7 сағат бұрын
Қазақстан құрамасы Беларусьпен жолдастық кездесу өткізеді

Фото: Қазақстан футбол федерациясы
Футболдан Қазақстан құрамасы осы жазда Беларусьпен жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұған дейін қос құраманың жолы 7 рет түйіскен. Оның 4 матчында Беларусь жеңіске жетсе, 1 ойында біздің жігіттер басым түскен. Тағы 2 ойында тең есеп тіркелген.
01.04.2009 | ӘЧ-2010 іріктеу кезеңі
- Қазақстан 1:5 Беларусь
10.10.2009 | ӘЧ-2010 іріктеу кезеңі
- Беларусь 4:0 Қазақстан
09.02.2011 | Жолдастық кездесу
- Беларусь 1:1 Қазақстан
07.09.2020 | УЕФА Ұлттар лигасы
- Қазақстан 1:2 Беларусь
15.10.2020 | УЕФА Ұлттар лигасы
- Беларусь 2:0 Қазақстан
11.06.2022 | УЕФА Ұлттар лигасы
- Беларусь 1:1 Қазақстан
22.09.2022 | УЕФА Ұлттар лигасы
- Қазақстан 2:1 Беларусь
Жолдастық ойын 5 маусым күні Беларусь астанасы Минск қаласында орналасқан «Динамо» стадионында өтеді. Матч еліміздің уақытымен сағат 22:00-де басталады.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 2026 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде J тобында Солтүстік Македония, Уэльс, Лихтенштейн және Бельгия құрамаларымен сынға түсіп жатыр. Әли Әлиев шәкірттері 2 ойында 3 ұпай жинап, турнир кестесінде үшінші орында келеді.
