1 күн бұрын
ҚПЛ 6-тур ойындарына қанша жанкүйер жиналды?

Фото: «Ақтөбе» ФК
Қазақстан Премьер-лигасының 6-турында өткен жеті ойынға жалпы саны 35 247 жанкүйер жиналды, деп хабарлайды Sport12.kz Kazfootball.kz ақпараттық порталына сілтеме жасап.
Өткен турдағы әр ойынды орта есеппен алғанда 5 035 көрермен стадионнан тамашалады.
Аптадағы ең көп жанкүйер жинаған матч — «Ақтөбе» мен «Ұлытау» арасындағы кездесу болды. Бұл ойында 12 400 жанкүйер командасына трибунадан қолдау көрсетті. Ал ең аз көрермен жиналған матч — «Қызылжар» мен «Қайсар» арасындағы кездесу. Аталған матчты небәрі 100 ғана адам стадионнан тамашалады.
6-тур ойындары бойынша көрермен саны:
- «Ақтөбе» – «Ұлытау» (1:0) – 12 400
- «Қайрат» – «Тобыл» (2:1) – 9 754
- «Астана» – «Атырау» (2:1) – 5 895
- «Жетісу» – «Елімай» (0:3) – 3 000
- «Оқжетпес» – «Жеңіс» (1:1) – 2 098
- «Ордабасы» – «Тұран» (1:0) – 2 000
- «Қызылжар» – «Қайсар» (2:1) – 100
