1 күн бұрын
«Қызылжар» қорғаушысы «Қайсармен» кездесуде ауыр жарақат алды

Фото: «Қызылжар» футбол клубы
«Қызылжар» қорғаушысы Анатолий Козленко команданың Қазақстан Премьер-лигасы 6-турындағы «Қайсармен» кездесуінде жарақат алып қалды, деп хабарлайды Sport12.kz
Анатолий өзінің айып алаңында әуедегі допқа тартыс барысында қызылордалық командадан Айбол Әбікенмен басы түйісіп қалды. Соның салдарынан қасы жарылып, қол білезік сүйегі жабық түрде сынған.
Петропавлдық қорғаушы ойынды ертерек аяқтауға мәжбүр болса, Айбол кездесуді жалғастырды.
Бұл кездесуде «Қызылжар» қарсыласын 2:1 есебімен жеңді. Қазір олар турнир кестесінде сегіз ұпаймен алтыншы орында кеелді.
