4 сағат бұрын
Магомед Адиев: жалақыға тәуелді емеспін

«Химки» клубының бас бапкері міндетін атқарушы Магомед Адиев клуб басшылығынан қаржылық кепілдіктер туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Sport12.kz
«Маған қаржылық кепілдіктердің қажеті жоқ. Мен — бапкермін, футболмен айналысамын. Мен жалақы алуым керек пе? Мен оны «Анжиде» де алған жоқпын. Жалақыға тәуелді емеспін», — деді Адиев «СЭ» басылымына берген сұхбатында
Бұған дейін Адиев «Волга», «Анжи», «Чайка», қарағандылық «Шахтер», Қазақстан ұлттық құрамасы және «Ахматта» жұмыс істеген.
