5 сағат бұрын
Аслан Дарабаевтың «Оқжетпес» клубында қанша жалақы алатыны белгілі болды

Көкшетаулық «Оқжетпес» футбол клубының жартылай қорғаушысы Аслан Дарабаевтың алатын жалақысы туралы Қазақстан құрамасының баспасөз қызметінің жетекшісі Ермұхамед Мәулен мәлімдеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Мәуленнің айтуынша, Дарабаев клубтағы ең жоғары жалақы алатын екі ойыншының бірі. Алайда оның айлық табысы үш миллион теңгеге де жетпейді.
— «Ол командадағы ең көп жалақы алатын екі ойыншының бірі. Бірақ «Оқжетпестегі» жалақы өте төмен — шамамен 1 миллион 250 мың теңге. Үш миллионға да жетпейді. Бұл өте қиын жағдай», — деді Ермұхамед Мәулен Fonteam YouTube арнасына берген сұхбатында.
36 жастағы Аслан Дарабаев — Қазақстан чемпионатының сегіз дүркін жүлдегері. 2022 жылы «Астана» сапында ел чемпионы атанды. 2014 жылдан 2024 жылға дейін Қазақстан ұлттық құрамасында 24 ойын өткізіп, бір гол соққан.
