4 сағат бұрын
«Реал» жаңа бас бапкермен келісім-шарт жасасуға жақын

Леверкузендік «Байердің» бас бапкері Хаби Алонсо мадридтік «Реалмен» келісімшартқа қол қоюға жақын. Бұл туралы Sport12.kz cайты хабарлайды.
Аталған ақпаратты белгілі журналист әрі инсайдер Маттео Моретто әлеуметтік желі X парақшасында жариялады.
Мәліметке сәйкес, испаниялық маман алдағы күндері «Байер» клубының басшылығымен кездесіп, Испанияға оралуға ниетті екенін ресми түрде мәлімдемек.
Сонымен қатар, қазіргі таңда «Реал Мадридтің» бас бапкері Карло Анчелоттидің командадан кетуі мүмкін екені айтылуда. Бразилия ұлттық құрамасы италиялық маманмен келісімшарттың барлық шарттарын келісу кезеңіне жеткен. Анчелотти пентакампеондар бапкері болуға келісімін берген.
Айта кетейік, Хаби Алонсоның «Байермен» келісімі 2025/2026 маусымының соңына дейін, ал Анчелоттидің «Реалмен» келісімі де дәл осы мерзімге дейін есептелген.
