7 сағат бұрын
Өзбекстандық тағы бір футболшы Англия командасы сынағынан өтеді

Фото: «Азия-спорт» телеграм парақшасынан
Ташкенттік «Пахтакор» және Өзбекстан жастар құрамасының 19 жастағы жартылай қорғаушысы Саидумархон Саиднуруллаев алдағы жазда Англияның «Квинз Парк Рейнджерс» клубының сынағынан өтеді, деп хабарлайды Sport12kz.
Championat.Asia сайтының жазуы бойынша, Максим Шацкий бапкерлік жасаған кезде ол «Пахтакордың» құрамында тұрақты түрде алаңға шығып тұрды. Азия Чемпиондар лигасына қатысатын құрамына енгізілді. Биыл португалиялық бас бапкер Педро Морейра аталған команда сапында оны тек бір кубоктық матчта жасыл алаңға шығарды. Бұл кездесуде Саидумархон Саиднуруллаев дубль жасап, голдық пас берді.
Айта кетейік, енді Саидумархон Саиднуруллаев трансфері бойынша арнайы агенттік айналысады. Оның клиенттері қатарында Абдукодир Хасанов, Азиз Мирзаев, Хусниддин Аликулов және басқа да бірқатар өзбекстандықтар ойыншылар бар.
