8 сағат бұрын
Atletico de Madrid Kazakhstan академиясы Қазақстанда іріктеу өткізеді

Белгілі испандық клубтың филиалы – Atlético de Madrid Kazakhstan академиясы Қазақстан мен Өзбекстан қалаларында жас футболшыларға арналған іріктеу кезеңін бастайтынын хабарлады, деп хабарлайды Sport12.kz
Іріктеу келесі қалаларда өтеді:
- Ақтау – 31 мамыр – 01 маусым
- Шымкент – 17-18 маусым
- Ташкент – 21-22 маусым
- Алматы – 28-29 маусым
Академияның басты мақсаты – талантты жасөспірімдерді анықтап, олардың футболдағы әлеуетін дамытуға жағдай жасау.
Тіркелу үшін қатысушылар профильдегі сілтеме арқылы немесе atleticomadrid.kz сайтындағы «Іріктеулер» бөлімінде өтініш бере алады.
