6 сағат бұрын
«Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы қарсыластары анықталды

Фото: «Қайрат» ФК
«Қайрат» футбол клубының Чемпиондар лигасына іріктеу турниріндегі қарсыластары белгілі болды, деп хабарлайлы Sport12.kz.
Offside.kz порталының мәліметінше, Қазақстан чемпионы кәрі құрлықтың басты клубтық додасына іріктеу турнирінде «Карабах» (Әзербайжан), «Мальмё» (Норвегия), «Лудогорец» (Болгария), «Жальгирис» (Литва), «Слован» (Словакия), «Олимпия» (Словения), «Стяуа» (Румыния) клубтарымен кездесуі мүмкін.
Еске салсақ, «сары-қаралар» Қазақстан Премьер-лигасының өткен маусымында 24 ойында 47 ұпай жинап, чемпион атанған болатын. Осылайша елдің үздік клубы ретінде Чемпиондар лигасында бақ сынау мүмкіндігін иеленді.
