5 сағат бұрын

ҚПЛ: «Атырау» қатарынан жетінші мәрте жеңілді

ҚПЛ: «Атырау» қатарынан жетінші мәрте жеңілді

Фото:

Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының алдын-ала өткізілген 18-турындағы «Атырау» және «Астана» кездесуінің нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Жанкүйерлер көкейінде алты тур бойы жеңіске жетіп көрмеген атыраулық клуб көш басындағы елордалық командаға қандай қауқар көрсете алады деге сауал тұрды. Есесіне «Астана» алты кездесуде төрт мәрте жеңіске жеті, екеуінде тең нәтижені тіркеді. Турнир кестесінде көш басында келеді. 

Ойын барысында елордалық команданың белсенділігі байқалып тұрды. Осындай сәттердің бірінде «Атырау» қақпасына белгіленген пенальтиден Назми Грипши мүлт кеткен жоқ.

Екінші кезеңде астаналық ұжым басымдықты арттыра түсті. Алаң иелері қақпасы маңында жиі бой көрсетті. Олардың тарапынан жасалған шабуылдың бірінде 71-минутта Марин Томасов көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.

Осылайша «Астана» қарсыласынан 2:0 еесбімен басым түсіп, турнир кестесінде сегіз ойыннан кейін алматылық «Қайратпен» ұпайы теңесті. 

Ал «Атырау» қатарынан жетінші мәрте жеңілді.

Енді жетінші турда 3 мамырда «Атырау» өз алаңында шымкенттік «Ордабасыны» қабылдаса, 4 мамырда «Астана» сырт алаңда қызылордалық «Қайсармен» ойнайды.

Құрлықтық хоккей лигасының жаңа маусымы қашан басталатындығы белгілі болды

Хоккей 4 сағат бұрын

Құрлықтық хоккей лигасының жаңа маусымы қашан басталатындығы белгілі болды

Денис Евсеев Португалиядағы турнирдің екінші айналымына шықты

Теннис 4 сағат бұрын

Денис Евсеев Португалиядағы турнирдің екінші айналымына шықты

Қазақстан бразилиялық ойыншыларға төлқұжат беруі мүмкін

Футзал 5 сағат бұрын

Қазақстан бразилиялық ойыншыларға төлқұжат беруі мүмкін

ҚПЛ: «Атырау» қатарынан жетінші мәрте жеңілді

Футбол 5 сағат бұрын

ҚПЛ: «Атырау» қатарынан жетінші мәрте жеңілді

«Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы қарсыластары анықталды

Футбол 5 сағат бұрын

«Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы қарсыластары анықталды

Азия клубтық чемпионаты: Отандастарымыз алты медаль алды

Басқа 5 сағат бұрын

Азия клубтық чемпионаты: Отандастарымыз алты медаль алды