5 сағат бұрын
Флик: Миланда жеңіске жетуіміз қажет

«Барселона» бас бапкері Ханс-Дитер Флик Чемпиондар лигасының жартылай финалындағы алғашқы матчта «Интермен» 3:3 есебімен тең түскен ойынға қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Sport12.kz
– Бұл ойынды жақсы бастадық деп ойламаймын. Екі гол жіберіп алдық. Бірақ есепті теңестірдік. Бірінші таймда ойын тұрақсыз өтті. Ал екінші тайм футболшылар мен көрермендер үшін де өте тартысты болды. Енді Миланда жеңіске жетуіміз қажет. Бұл – финал алдындағы финал, – деді Флик Marca басылымына берген сұхбатында.
– «Интер» өзін мықты қырынан көрсетті. Бұл тәжірибелі ұжым, олар – Чемпиондар лигасының жартылай финалисі. Әсіресе стандартты жағдайлар кезінде қарсылас өте қауіпті болды.
– Бұл ойында біздің алғашқы голымызды Ямаль соқты. Ол өте маңызды гол болды. Жалпы, бүкіл команда жақсы жұмыс атқарды. Мен ойыншыларымның еңбегіне ризамын, – деп қорытындылады бапкер.
