5 сағат бұрын

Чемпиондар лигасының жартылай финалындағы ең жылдам гол соғылды

Чемпиондар лигасының жартылай финалындағы ең жылдам гол соғылды

Фото: «Интер» ФК

«Интер» футбол клубының шабуылшысы Маркус Тюрам Чемпиондар лигасының жартылай финалдары тарихындағы ең жылдам голдың авторы атанды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Француз форварды «Барселонаға» қарсы ойын бастала салысымен, 30-секундта Войцех Щенсны қорғаған қақпаға өкшесімен гол соқты.

Бұл жартылай финал кезеңінде соғылған ең жылдам гол болып тіркелді. Осыған дейінгі рекорд «Реал» қақпасын 93-секундта тулатқан «Манчестер Ситидің» жартылай қорғаушысы Кевин де Брюйнеге тиесілі еді.

Сондай-ақ аталған гол «Интердің» Чемпиондар лигасында соққан екінші ең жылдам голы болды. 2011 жылы Деян Станкович «Шальке» қақпасына алаңның ортасынан 26-секундта гол соғып, клуб тарихында қалған еді.

Еске салсақ, Каталониядағы «Монжуик» стадионында өткен алғашқы жартылай финалдық матч 3:3 есебімен тең аяқталды. Қарымта кездесу бір аптадан кейін Миландағы «Сан-Сиро» аренасында өтеді.

«Астананың» екі велошабандозы Түркияда жеңіс тұғырына көтерілді

Басқа 29 минут бұрын

«Астананың» екі велошабандозы Түркияда жеңіс тұғырына көтерілді

«Барселона» ойыншылары арасындағы талас: «Алтын допқа» басты үміткер кім?

Футбол 1 сағат бұрын

«Барселона» ойыншылары арасындағы талас: «Алтын допқа» басты үміткер кім?

Qazaqstan Hockey Open: Ел намысын қорғайтын хоккейшілер анықталды

Хоккей 2 сағат бұрын

Qazaqstan Hockey Open: Ел намысын қорғайтын хоккейшілер анықталды

Ламин Ямаль «Барселонадағы» мерейтойлы матчын өткізді

Футбол 4 сағат бұрын

Ламин Ямаль «Барселонадағы» мерейтойлы матчын өткізді

Qazaqstan Barysy Grand Slam: ел намысын кімдер қорғайды?

Дзюдо 4 сағат бұрын

Qazaqstan Barysy Grand Slam: ел намысын кімдер қорғайды?

Чемпиондар лигасының жартылай финалындағы ең жылдам гол соғылды

Футбол 5 сағат бұрын

Чемпиондар лигасының жартылай финалындағы ең жылдам гол соғылды