6 сағат бұрын

«Елімай» футбол клубының таныстырылымы өтті

«Елімай» футбол клубының таныстырылымы өтті

Фото: Абай облысының әкімдігі

Бүгін Семейде «Елімай» футбол клубының таныстырылымы болды.

Шара барысында көпшілікке команданың негізгі және жастар құрамалары мен бапкерлік штаб мүшелері ресми түрде таныстырылды. Ерекше атап өтерлігі, клуб құрамында алғаш рет қыздар командасы құрылды.

Таныстырылымға облыс әкімі Берік Уәли қатысып, команданы жаңа маусымның басталуымен құттықтап, сәттілік тіледі.

«Президентіміздің Жарлығымен қайта құрылған облысымызда қайта жаңғырған «Елімай» Бірінші лиганы бір де бір жеңіліссіз өткізіп, Премьер-лигаға көтеріліп, қазір мықты ұжымдар санатында келеді. Биылғы басты жаңалығымыз – қыздар командасының құрылуы. Олар да «Қайрат» командасын сырт алаңда жеңіп, сенсация жасады. Біз сіздерді әрдайым қолдаймыз, сіздермен біргеміз! Команданың басынан небір жайсыз жылдар өткенде де жанкүйерлеріңіз сіздерге адалдық танытты. Қуанышты сәттерде ғана емес, қиын кезеңдерде де бірге болу деген осы», – деді аймақ басшысы.

«Елімай» футбол клубының өкілдері аймақ басшысына естелікке жаңа жейде сыйға тартты.

Команда Қазақстан премьер лигасының 4 туры аясында талдықорғандық «Жетісуді» қабылдап, 3:0 есебімен жеңіске жетті. Жергілікті құрама турнирлік кестеде 13 ұпаймен 3-інші орында келеді. Жерлестеріміз 4 мамырда «Спартак» стадионында «Оқжетпес» командасымен кездеседі.

Бүгінде Семей қаласында 1500-ге жуық баланы «Елімай» футбол орталығында кәсіби жаттықтырушылар баптап жүр. Команда Көкпекті, Аягөз, Абай және Ақсуат аудандарында ауыл жастарына арнап жолдастық кездесулер өткізіп, футболды аудандарда кеңінен насихаттап жүр. Жуырда «Ұшақтар» шағын ауданында жаңа стадион қолданысқа берілді

«Астана» шабандозы «Романдия турының» екінші кезеңінде жеңімпаз атанды

Футбол 26 минут бұрын

«Астана» шабандозы «Романдия турының» екінші кезеңінде жеңімпаз атанды

Бірінші лига: «Қайрат-Жастар» ірі жеңіске қол жеткізді

Футбол 3 сағат бұрын

Бірінші лига: «Қайрат-Жастар» ірі жеңіске қол жеткізді

Әлихан Әсетов  Қазақстан және Ресей 25 құрамалары кездесуінде үздік атанды

Хоккей 3 сағат бұрын

Әлихан Әсетов Қазақстан және Ресей 25 құрамалары кездесуінде үздік атанды

Қазақстан хоккейден Ресейден оңбай жеңілді

Хоккей 3 сағат бұрын

Қазақстан хоккейден Ресейден оңбай жеңілді

Чемпиондар лигасы: «Қайрат» футзал клубы  Францияға жетті

Футзал 5 сағат бұрын

Чемпиондар лигасы: «Қайрат» футзал клубы Францияға жетті

Чемпиондар лигасына қатысатын «Қайраттың» құрамы белгілі болды

Футзал 5 сағат бұрын

Чемпиондар лигасына қатысатын «Қайраттың» құрамы белгілі болды