6 сағат бұрын

Төрешілер «Атырау» – «Астана» матчы жайында ойын білдірді

Төрешілер «Атырау» – «Астана» матчы жайында ойын білдірді

Фото: kazfootball.kz

ҚФФ Төрешілік және қадағалау департаментінің директоры Нуну Алешандре Паррейра де Каштру «Атырау» мен «Астана» командалары арасындағы Премьер-лига матчының жекелеген ойын сәттеріне қатысты ойын ережелеріне сәйкес түсіндірме жариялады.

Бұл жөнінде Қазақстан футбол федерациясы мәлім етті.

32 минут – Ұзын пастан кейін алаң иелерінің қақпашысы айып алаңынан тыс жерге шығып, қарсы бағытта келе жатқан шабуылшыны бөгеді. Фол жасалған сәтте қақпашының артында және шабуылшының алдында екі қорғаушы тұрған, олар бұл шабуылшыға кедергі келтіре алатын еді.

Мұндай жағдайларда дұрыс шешім – перспективалы шабуылды тоқтатқан қақпашыға сары қағаз көрсетіп, қарсы командаға тікелей еркін соққы беру. VAR тарапынан араласудың қажеті жоқ – дұрыс шешім.

34 минут – Алаң иелерінің айып алаңында №13 қорғаушы мен №15 шабуылшы арасында қақтығыс болды. Қорғаушы аяғын созды, бірақ доп шабуылшыда болды. Ойыншылар арасында байланыс өте аз болғаны байқалады. Шабуылшы кенеттен жерге құлап түсті.

Ойын ережелерінде: «төрешіні алдауға тырысқан ойыншы, мысалы, оған фол жасалды деп өтірік көрсету жағдайы» – спорттық емес мінез-құлық үшін сары қағазбен жазалануы керек делінген. Төрешілер мұндай жағдайға қатаң қарауы тиіс!

Бұл ретте дұрыс шешім – қарсылас команданың пайдасына еркін соққы белгілеу және сары қағаз көрсету. Егер төреші пенальти белгілесе – VAR араласуы тиіс.

90+4 минут – Доп алыстан айып алаңына асырылып, алаңда серпілген соң, айып алаңындағы қонақтар командасының №22 қорғаушысына тиді. Доп оның иығына жақын қолының жоғары бөлігіне тиді – бұл Ойын ережелеріндегі суретке сәйкес, жазаланбайтын аймаққа жатады. Сонымен қатар, қолы денесіне жақын, табиғи қалыпта орналасқан және дене пішінін үлкейткен жоқ.

Мұндай жағдайда дұрыс шешім – ойынды жалғастыру. Егер төреші пенальти белгілесе – VAR араласуы тиіс.

«Астана» шабандозы «Романдия турының» екінші кезеңінде жеңімпаз атанды

Футбол 32 минут бұрын

«Астана» шабандозы «Романдия турының» екінші кезеңінде жеңімпаз атанды

Бірінші лига: «Қайрат-Жастар» ірі жеңіске қол жеткізді

Футбол 3 сағат бұрын

Бірінші лига: «Қайрат-Жастар» ірі жеңіске қол жеткізді

Әлихан Әсетов  Қазақстан және Ресей 25 құрамалары кездесуінде үздік атанды

Хоккей 3 сағат бұрын

Әлихан Әсетов Қазақстан және Ресей 25 құрамалары кездесуінде үздік атанды

Қазақстан хоккейден Ресейден оңбай жеңілді

Хоккей 3 сағат бұрын

Қазақстан хоккейден Ресейден оңбай жеңілді

Чемпиондар лигасы: «Қайрат» футзал клубы  Францияға жетті

Футзал 5 сағат бұрын

Чемпиондар лигасы: «Қайрат» футзал клубы Францияға жетті

Чемпиондар лигасына қатысатын «Қайраттың» құрамы белгілі болды

Футзал 5 сағат бұрын

Чемпиондар лигасына қатысатын «Қайраттың» құрамы белгілі болды