5 сағат бұрын
«Астана» шабандозы «Романдия турының» екінші кезеңінде жеңімпаз атанды

Бейсенбі күні «Романдия туры» көпкүндік веложарысының екінші кезеңі өтті, деп хабарлайды Sport12.kz
Кезең жеңімпазы «Астана» командасының италиялық шабандозы Лоренцо Фортунато атанды. Екінші орынды EF Education-EasyPost командасынан француз Алекс Баудин иеленді. Үздік үштікті Soudal Quick-Step командасының бельгиялық өкілі Джуниор Лесерф түйіндеді.
«Романдия туры». Екінші кезең. La Grande Béroche — La Grande Béroche. 157 шақырым
1. Лоренцо Фортунато (Италия, «Астана») — 3:54:40
2. Алекс Баудин (Франция, EF Education-EasyPost) — +0:02
3. Джуниор Лесерф (Бельгия, Soudal Quick-Step).
