12 сағат бұрын

Еуропа лигасы: «Манчестер Юнайтед» сырт алаңда жеңіске жетті

Еуропа лигасы: «Манчестер Юнайтед» сырт алаңда жеңіске жетті

Фото: championat.ru

Бүгін, 1 мамырда футболдан UEFA Еуропа лигасы жартылай финалындағы алғашқы ойындар өткізілді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Жарыстың аталған сатысындағы кездесудің бірінде «Атлетик Бильбао» (Испания) мен «Манчестер Юнайтед» (Англия) шеберлік байқасты. 

Кездесу барысында англиялық клубтың белсенділігі байқалып тұрды. Нәтижесінде олардың қатарынан Каземиро 30-минутта есеп ашса, 37-минутта Бруну Фернандеш пенальтиден мүлт кеткен жоқ.

Ойынның 45-минутында Бруну Фернандеш тағы бір мәрте мергендік танытып, кездесудің нүктесін қойды.

Осылайша англиялық клуб қарсыласынан сырт алаңда 3:0 есебімен басым түсті.

Сондай-ақ тағы бір кездесуде «Тоттенхэм Хотспур» (Англия) мен «Бодо-Глимт» (Норвегия) ойнады.

Аталған матчта «Тоттенхэм Хотспур» жылдам гол соғып үлгерді. Олардың қатарынан Бреннан Джонсон 1-минутта қақпа торын тулатса, 34-минутта Джеймс Мэддисон есепті үстемелей түсті. 

Тағы бір голды Доминик Соланке 61-минутта пенальтиден енгізсе, норвегиялық команда сапынан Ульрик Салтнес 83-минутта жалғыз голмен жауап қайырды.

Англиялық команда қарсыласын 3:1 есебімен басым түсті.

Енді қарымта кездесу 8 мамыр күні өткізіледі.

Геннадий Головкиннің алғашқы бапкері қайтыс болды

Бокс 1 сағат бұрын

Геннадий Головкиннің алғашқы бапкері қайтыс болды

Астанадағы турнирде Беларусь Ресей 25 құрамасынан басым түсті

Футбол 1 сағат бұрын

Астанадағы турнирде Беларусь Ресей 25 құрамасынан басым түсті

Сегіз айдан кейін Алматыда Олимпиада жүлдегерлеріне пәтер табыс етілді 

Париж-2024 1 сағат бұрын

Сегіз айдан кейін Алматыда Олимпиада жүлдегерлеріне пәтер табыс етілді 

Grand slam турнирі: Әбиба Әбужақынова қола жүлдегер атанды

Дзюдо 2 сағат бұрын

Grand slam турнирі: Әбиба Әбужақынова қола жүлдегер атанды

Спорт саласында жемқордықпен 800 млн теңге жымқырылған

Басқа 3 сағат бұрын

Спорт саласында жемқордықпен 800 млн теңге жымқырылған

Абдукадир Хусанов «Манчестер Ситиден» кетіп, «Барселонаға» ауыса алады

Футбол 3 сағат бұрын

Абдукадир Хусанов «Манчестер Ситиден» кетіп, «Барселонаға» ауыса алады