15 сағат бұрын
Абдукадир Хусанов «Манчестер Ситиден» кетіп, «Барселонаға» ауыса алады

Фото: «Манчестер Сити» ФК
Испанияның «Сarpets Blaugranas» порталында Абдукадир Хусановтың «Барселонаға» ауысуы туралы ақпарат пайда болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Өзбекстандық футболшының агенті Гайрат Хасбиуллин бұған байланысты әзірге ешкімнің өзімен хабарласпағанын мәлімдеді.
Мақала авторының айтуынша, Абдукадир Хусанов Англияда бейімделе алмаған.
- Оның қаңтарда ағылшындық клубпен келісімшартқа қол қоюы көптеген үміт тудырды. Бірақ командасына бейімделіп кете алған жоқ. Пеп Гвардиола өзінің барлық футболшысынан жоғары нәтие талап етті. Бірнеше келіспеушілік боулы мүмкін. Сондықтан бірқатар ойыншыдан бас тартты, - деп жазды басылым.
