15 сағат бұрын
Астанадағы турнирде Беларусь Ресей 25 құрамасынан басым түсті
Астанадағы хоккей турнирінде Беларусь Ресей 25 құрамасынан басым түсті
Шайбалы хоккейден бүгін, 2 мамырда Астанада өтіп жатқан халықаралық Qazaqstan Hockey Open турнирінде Беларусь және Ресей 25 құрамалары кездесті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Кездесу барысында беларусьтік хоккейшілер бірінші кезеңде белсенділік көрсетті. Нәтижесінде олардың қатарынан Андрей Белевич 2-минутта есеп ашты.
Екінші кезеңде беларусьтік хоккейшілер басымдықты арттыра түсті. Иван Дроздов 21-минутта мергендік танытса, Сергей Кузнецов 31-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.
Ресейлік хоккейшілер үшінші кезеңде алғашқы минуттан тізгінді қолға алуға тырысты. Ойынның 43-минутында Владимир Грудинин қарсыластар қақпасын дәл көздеді.
Ал 54-минутта беларусьтік Александр Скоренов қайтадан есепті ұлғайтса, 58-минутта ресейлік Данил Аймурзин қорытынды есепті белгіледі.
Осылайша Беларусь қарсыласын 4:2 есебімен жеңді.
Айта кетсек, Ресей 25 құрамасы бұдан бұрын Қазақстаннан 4:1 есебімен басым түсті.
Енді 3 мамырда Қазақстан және Беларусь құрамалары шеберлік байқасады
.
