1 күн бұрын
«Каспий» Бірінші лигада жеке дара көш бастады

Қазақстан чемпионатының Бірінші лигасындағы төртінші тур аясында «Тараз» өз алаңында Ақтаудың «Каспий» клубын қабылдады, деп хабарлайды Sport12.kz
Матчқа командалар келесі құраммен шықты:
- «Тараз»: Жанғалиев, Нұралы, Кеулімжай, Лесбек, Жұмат, Серікұлы, Өмірзақов, Төребек, Ерден, Нұрсеитов, Сүлей.
- «Каспий»: Пасеченко, Таипов, Байтана, Нұрғалиев, Серікбай, Шәмші, Әріпов, Қожаберді, Тұрлыбек, Айтбаев, Блохин.
Кездесу қарқынды басталып, 10-минутта қонақтар сапынан Әлішер Сүлей есеп ашты. Алайда 44-минутта Берік Айтбаев таразы басын теңестірді.
Екінші таймда қақпашы Жандар Жанғалиевтің қателігін тиімді пайдаланған Нұрмұхаммед Ислам жеңіс голын соқты. Есеп: 1:2.
Осылайша, «Каспий» 12 ұпаймен турнирлік кестеде жеке-дара көш бастады. Павлодардың «Ертіcі» мен Қарағандының «Шахтері» (екеуінде де 10 ұпайдан) 2-3-орындарды бөлісіп тұр. Ал «Тараз» 6 ұпаймен 6-орында орналасқан.
