14 сағат бұрын
ҚПЛ: Бүгін ел біріншілігінде жетінші тур ойындары басталады

Фото: jenisfk.kz
Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының жетінші туры басталады, , деп хабарлайды Sport12.kz.
Алтыншы тур екі күнге белгіленген. Бүгін төрт ойын өткізілсе, ертеңге үш кездесу белгіленген.
Аталған турдың шымылдығын бүгін, 3 мамырда 15.00-дe «Жеңіс» (Астана) пен «Ақтөбе», «Ұлытау» (Жезқазған) мен «Қайрат» (Алматы) командалары ашады.
Осы күні 16.00-де «Атырау» мен «Ордабасы» (Шымкент) шеберлік байқасады.
Ал 19.00-дe «Тұран» (Түркістан) мен «Жетісу» (Талдықорған) кездеседі.
Сондай-ақ 4 мамырда 17.00-дe «Қайсар» (Қызылорда) мен «Астана» ойнаса, 18.00-де «Елімай» (Семей) мен «Оқжетпес» (Көкшетау), 19.00-дe «Тобыл» (Қостанай) мен «Қызылжар» (Петропавл) шеберлік байқасады.
Қазір турнир кестесінде 17 ұпаймен «Қайрат» пен «Астана» көш бастап тұр. Ал одан кейінгі орындардағы «Елімай» мен «Ақтөбенің» 13 ұпайы бар.
Ойындарды «Qazsport» және «Sport Plus Qazaqstan» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.
Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан Бірінші лигада «Каспий» көш басына шықты
