15 сағат бұрын

Артем Дзюба келесі маусымда қайда ойнайтынын анықтады

Артем Дзюба келесі маусымда қайда ойнайтынын анықтады

«Акрон» клубының шабуылшысы Артем Дзюбаның өкілі Леонид Гольдман футболшының болашағына қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Sport12.kz

Қазіргі таңда 36 жастағы футболшының «Акронмен» жасалған келісімшарты 30 маусымда аяқталады. Гольдманның айтуынша, тараптар келісімді ұзарту жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр.

– Бұған дейін «Акрон» басшылығы айтқан ақпаратты растаймын. Артеммен келісімді ұзарту бойынша келіссөздер жүріп жатыр. Кеше ғана «Динамо» қарсы ойын алдында клубтың спорттық директоры Антон Чистяковпен кездестім. Әзірге нақты шешім жоқ. Бірақ маусым соңына дейін бәрі анық болады деп үміттенеміз. Ең алдымен, Артемнің өзі футболдағы мансабын жалғастыруға дайын екенін нақты шешіп алуы керек. Содан кейін ғана шарттар бойынша ортақ келісімге келеміз, – деді агент.

Оның айтуынша, Дзюбаға басқа клубтар тарапынан да қызығушылық бар, алайда «Акрон» басты басымдыққа ие команда болып тұр.

– Бізді «Акрондағы» жағдай толық қанағаттандырады. Қазір бәрі дұрыс жолмен жүріп жатыр. Клуб басшылығымен және бапкерлік штабпен қарым-қатынасымыз тамаша, – деді Леонид Гольдман.

Он жылдан кейінгі финал: «Қайрат» бүгін «Пальмамен» кездеседі

Футзал 17 минут бұрын

Он жылдан кейінгі финал: «Қайрат» бүгін «Пальмамен» кездеседі

ҚПЛ: Бүгінгі ойындарға кімдер қазылық етеді?

Футбол 22 минут бұрын

ҚПЛ: Бүгінгі ойындарға кімдер қазылық етеді?

Әлемнің бірінші ракеткасы Испанияда топ жарды

Теннис 52 минут бұрын

Әлемнің бірінші ракеткасы Испанияда топ жарды

Сауль Альварес тағы да абсолютті әлем чемпионы атанды

Бокс 1 сағат бұрын

Сауль Альварес тағы да абсолютті әлем чемпионы атанды

Өзбекстан құрамасының капитаны италиялық клубтың үздік ойыншысы атанды

Футбол 1 сағат бұрын

Өзбекстан құрамасының капитаны италиялық клубтың үздік ойыншысы атанды

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы рейтингте ең жоғары көрсеткішке жетті

Теннис 14 сағат бұрын

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы рейтингте ең жоғары көрсеткішке жетті