14 сағат бұрын
ҚПЛ: «Атырау» сегізінші мәрте жеңілістің ащы дәмін татты

Фото: Футболдан Қазақстан Кәсіби лигасы
Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының жетінші турындағы алғашқы ойын күні мәресіне жетті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бүгін, 3 мамырдағы соңғы ойынның бірінде «Атырау» өз алаңында шымкенттік «Ордабасыны» қабылдады.
Кездесу барысында олардың қатарынан Сергей Малый 37, Сұлтанбек Астанов 52-минутта гол соқса, оған атыраулық клубтан Мирам Сапанов 89-минутта бір голмен жауап қайырды.
Осылайша «Атырау» қарсыласына 1:2 есебімен есе жіберді.
Сондай-ақ «Тұран» (Түркістан) мен «Жетісу» (Талдықорған) 0:0 есебіне қанағат білдірді.
Ал сырт алаңда алматылық «Қайрат» жезқазғандық «Ұлытауды» 4:1, «Ақтөбе» елордалық «Жеңісті» 1:0 есебімен тізе бүктірді.
Енді 4 мамырда «Қайсар» (Қызылорда) мен «Астана», «Елімай» (Семей) мен «Оқжетпес» (Көкшетау), «Тобыл» (Қостанай) мен «Қызылжар» (Петропавл) шеберлік байқасады.
