6 сағат бұрын
Өзбекстан құрамасының капитаны италиялық клубтың үздік ойыншысы атанды

Фото: Maurizio Laganá/Getty Images
Өзбекстандық футболшы Эльдор Шомуродов италиялық «Рома» сапында сәуір айының үздік ойыншысы атанды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Шомуродов өткен айда «джалоросси» жейдесіндегі 4 матчта, 2 гол соғып, әріптесіне 1 нәтижелі пас берді.
Ал биылғы маусымда 29 жастағы форвард 33 ойында, 6 мәрте голымен көзге түсіп, 4 ассисттің авторы атанды.
Айта кетейік, «Рома» Италия А Сериясының турнир кестесінде 60 ұпаймен, алтыншы орында келеді. Римдік ұжым бүгін 35-тур аясында өз алаңында «Фиорентинаны» қабылдайды. Аталған кездесу еліміздің уақытымен сағат 21:00-де басталады.
