3 сағат бұрын
Азия Чемпиондар лигасында кім топ жарғаны анықталды

Сауд Арабиясының «Әл-Ахли» мен жапондық «Кавасаки Фронтале» клубы арасындағы АФК Чемпиондар лигасының финалдық ойыны аяқталды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Командалар Катардың Джидда қаласындағы King Abdullah Sports City стадионында ойнады. «Әл-Ахли» 2:0 есебімен сенімді жеңіске жетті.
Матчтағы алғашқы гол 35-минутта соғылды. «Әл Ахлидің» бразилиялық вингері Вендерсон Галено гол соқты. 42-минутта жартылай қорғаушы Франк Кесси командасының есеп айырмасын еселей түсті. Екі голда да «Ливерпульдің» бұрынғы ойыншысы Роберто Фирмино нәтижелі пас берді.
Айта кетейік, жартылай финалда Кавасаки Фронтале Криштиану Роналдудың «Әл-Насрын» (3:2) жеңсе, «Әл-Ахли» «Әл-Хилалдан» (3:1) мықты болды.
