8 сағат бұрын
Қазақстандық тағы бір маман төреші мансабын аяқтады

Фото: Қазақстан футбол федерациясы
Бүгін Қазақстандағы ең беделді төрешілердің бірі Артём Кучин мансабындағы соңғы матчында төрелік етеді. Ол 15 жылдан астам уақыт бойы ең жоғары деңгейде қызмет етіп келді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде Қазақстан футбол федерациясы мәлім етті,
Кучиннің төреші мансабындағы соңғы ойыны Премьер-лиганың 7-туры аясындағы «Тобыл» мен «Қызылжар» командалары арасында болмақ.
Артем Кучин Премьер-лигада алғашқы ойынын 2008 жылдың 17 маусымында өткізді, ал 2009 жылы FIFA төрешісі атанды. Ол 2014 жылғы әлем чемпионатының іріктеу матчтары, УЕФА Еуропа лигасы, УЕФА Конференциялар лигасы, Қазақстан Кубогы мен Суперкубогының финалдары, U17 және U19 Еуропа чемпионаттарының финалдық кезеңдері, сондай-ақ УЕФА Аймақтар кубогының финалында төрелік етті.
Кучин – Еуропа лигасының топтық кезеңіндегі матчтарда төрелік еткен тұңғыш қазақстандық төреші.
Айта кетсек, бұдан бұрын қазақстандық Эльвира Нұрмұстафина төрешілік мансабын аяқтайды.
