7 сағат бұрын
«Спартак» стадионындағы екінші жеңіліс: «Елімай» күтпеген жерден есе жіберді

ҚПЛ-дің кезекті турындағы басты сенсациялардың бірі Семейде тіркелді, деп хабарлайды Sport12.kz
Бірінші лигадан көтерілген «Оқжетпес» қонақта чемпионаттың басты фавориттері «Елімайды» 2:0 есебімен жеңіп, турнирлік кестеде жоғарылады.
Ойын басталысымен-ақ алаң иелері басымдықты қолдарына алды. Алайда қонақтар да қорғанысқа жатып алмай, қауіпті қарымта шабуылдармен жауап қатып отырды. Солардың бірінде Дәурен Жұмат 15-минутта есеп ашты — 0:1.
Тайм соңында Дамир Марат пенальти иеленіп, «Оқжетпеске» тағы бір мүмкіндік сыйлағандай болды. Бірақ төреші VAR қарағаннан кейін 11 метрлік пенальтиді белгілеуден бас тартты. Ал қосымша уақытта Алияр Мұхамедтің соққысы қақпа бағанасына тиді.
Екінші таймда ойынның сипаты өзгермеді. Дамир Марат тағы да айып алаңында ереже бұздыруға әсер етті. Бұл жолы төреші нүктені нұсқап, Алияр Мұхамед пенальтиді мүлт кетірмеді — 0:2. Ойын соңына таман Никола Цуцкичтің айып алаңынан жасаған соққысы да қақпа тірегінен кері қайтты.
Осылайша, «Окжетпес» 11 ұпай жинап, турнир кестесінің жоғарғы жағына көтерілді. Ал 13 ұпайы бар «Елімай» көшбасшылар қатарында қалғанымен, бұл жеңіліс фаворит үшін ауыр соққы болды.
«Елімай» — «Оқжетпес» 0:2 (0:1)
Голдар: Жұмат 15 (0:1), Мұхамед (пенальти) 62 (0:2)
