6 сағат бұрын

Чемпиондар лигасы:«Пальма» үшінші жыл қатарынан жеңімпаз болды

Чемпиондар лигасы:«Пальма» үшінші жыл қатарынан жеңімпаз болды

Фото:UEFA.com

Испанияның «Пальма» командасы футзалдан Чемпиондар лигасы финалында қазақстандық «Қайраттан» басым түсіп, чемпиондық атаққа қол жеткізді, деп хабарлайды Sport12.kz. 

Ойынның 6-минутында олардың қатарынан Хесус Гордильо мергендік танытса, оған 8-минутта «Қайрат» сапынан Кайо Руис бір голмен жауап қайырды.

Одан кейін «Пальма» сапынан Лукас Машадо 18, Марио Равильос 19-минутта мергендік танытты.

Екінші кезеңде испаниялық командадан Фабиньо 23, 27, 28, 31, Нетиньо 32, Матеус Майя 37-минутта гол соқса, «Қайрат» құрамынан Дәурен Тұрсағұлов 33, Жахангир Рашит 35, Кевин Аррьета 39-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.

Нәтижесінде алматылық клуб қарсыласына 4:9 есебімен жеңіліп қалды.

Осылайша «Пальма» аталған турнирде қатарынан үшінші мәрте чемпиондық тұғырға көтерілді. Олар бұдан бұрын 2022/23, 2023/24 жылдары жеңімпаз болған еді.

Ал «Қайрат» 2012/13, 2014/15 жылғы маусымда Чемпиондар лигасында бас жүлдеге ие болды.

Айта кетсек, 3-орын үшін ойында Португалияның «Спортинг» клубын 3:2 есебімен жеңген Испанияның «Картахена» командасы қола медаль алды.

Бас бапкер Марлон Веласко аталған турнирде «Қайрат» сапында төмендегі шәкірттеріне сенім артты. Қақпа Деннис пен Нарун Серіковке сеніп тапсырылған. Ал ойыншылар қатарында Арнольд Кнауб, Эдсон, Жахангир Рашит, Денер, Занотто, Дәурен Тұрсағұлов, Біржан Оразов, Кайо Руиз, Отанья, Кевин Арриета, Геге, Вендел да Силва Мендес, Алиссон бар.

Чемпиондар лигасы:«Пальма» үшінші жыл қатарынан жеңімпаз болды

Футбол 6 сағат бұрын

Чемпиондар лигасы:«Пальма» үшінші жыл қатарынан жеңімпаз болды

Төрттіктің финалы: «Қайрат» «Пальмадан» жеңіліп жатыр

Футзал 7 сағат бұрын

Төрттіктің финалы: «Қайрат» «Пальмадан» жеңіліп жатыр

Футзалдан Чемпиондар лигасының қола жүлдегері анықталды

Футзал 9 сағат бұрын

Футзалдан Чемпиондар лигасының қола жүлдегері анықталды

Чемпиондар лигасы: «Қайрат» пен «Пальма» құрамын жариялады

Футзал 9 сағат бұрын

Чемпиондар лигасы: «Қайрат» пен «Пальма» құрамын жариялады

«Тобыл» соңғы минутта жеңіске жетті

Футбол 10 сағат бұрын

«Тобыл» соңғы минутта жеңіске жетті

«Спартак» стадионындағы екінші жеңіліс: «Елімай» күтпеген жерден есе жіберді

Футбол 11 сағат бұрын

«Спартак» стадионындағы екінші жеңіліс: «Елімай» күтпеген жерден есе жіберді