5 сағат бұрын
Қазақстан құрамасы азиялық командамен жолдастық кездесу өткізуі мүмкін

Фото: Қазақстан футбол федерациясы
Футболдан Қазақстан құрамасы Индонезиямен жолдастық кездесу өткізуі мүмкін, деп хабарлайды Sport12.kz.
VOL порталының мәліметінше, Индонезия құрамасы қыркүйек айында болатын халықаралық үзілісте Қазақстан, Өзбекстан және Ресеймен шеберлік байқасуды жоспарлап отыр.
Осыған дейін ұлттық команданың Беларусьпен жолдастық кездесу өткізетіні мәлім болған еді.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 2026 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде J тобында Солтүстік Македония, Уэльс, Лихтенштейн және Бельгия құрамаларымен сынға түсіп жатыр. Әли Әлиев шәкірттері 2 ойында 3 ұпай жинап, турнир кестесінде үшінші орында келеді.
